Қазақстандық теннисші, әлемнің 283-ракеткасы Зарина Дияс Чэнду (Қытай) қаласында өткен Аустралия ашық чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Лян Эньшуомен шеберлік байқасты.
Екі сет те 6:3, 6:4 есебімен Заринаның пайдасына шешілді.
Осылайша, Зарина Дияс 2026 жылғы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі – Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды.
Зарина Дияс спорттық жолында Мельбурнде 2014, 2015, 2020 және 2021 жылы үшінші айналымға дейін жеткен еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz