Теннисші Зарина Дияс 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Отандасымыз Қытайда өткен The Australian Open Asia-Pacific іріктеу турнирінде осындай мүмкіндікке қол жеткізді.
Іріктеудің финалында Зарина Дияс Тайбэй өкілі Лян Эньшуомен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Зарина Дияс Australian Open жарысында 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдары үшінші айналымға дейін жеткен еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!