Зарина Диас «Уимблдонды» жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас бүгін байрағын желбіреткен «Үлкен дулыға» санатындағы «Уимблдон» додасын жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші айналымда италиялық Флавия Пенеттаны жеңді.

Бірінші сетте Зарина Диас қарсыласынан 6:3 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте Флавия Пенетта сәтті өнер көрсетіп, 2:6 есебімен жеңіп шықты. Шешуші сетте қазақстандық теннисші италиялықты 6:4 есебімен ұтты. Теннисшілер кортта 1 сағат 46 минут өнер көрсетті.

Кездесу статистикасы

Зарина Диас екінші кезеңде Чжу Линь (Қытай) - Александра Соснович (Беларусь) арасындағы кездесуде жеңіске жеткен теннисшімен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы соңғы жаңарған WTA рейтингінде 34-ші орнын сақтап қалған-ды. Ал италиялық теннисші отандасымыздан сегіз сатыға жоғары болатын.