Зарина әлемнің 50 үздік теннисшісінің қатарына енді

Зарина әлемнің 50 үздік теннисшісінің қатарына енді

Қазақстандық теннисші Зарина Диас спорттық мансабында алғаш рет әлемнің үздік 50 теннисшісінің қатарына кірді. WTA жүйесіндегі жаңартылған рейтингте жерлесіміз 46-шы орынға жайғасқан.

Осыған дейінгі рейтингте жерлесіміз 52-ші орында болатын. Цинциннати мен Нью-Хэйвендегі жарыстардан кейін Зарина 1087 ұпаймен Қазақстанның бірінші ракеткасы дәрежесін қайтарып алды. Ал соңғы рейтингте ел теннисшілерінің көшін бастап тұрған Ярослава Шведова да бір сатыға жоғарылап, 50-ші орыннан көрініп отыр.

WTA рейтингінің алғашқы үштігінде аздаған өзгерістер орын алды. Америкалық Серена Уильямс өз орнын сақтап қалса, румын Симон Халеп қытайлық Ли Наны үшінші сатыға сырғытты.

WTA рейтингі:
1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) — 9430 ұпай
2 (3). Симона Халеп (Румыния) — 6750
3 (2). Ли На (Қытай) — 6170
4 (4). Петра Квитова (Чехия) — 5806
5 (5). Агнешка Радванска (Польша) — 5590
6 (6). Мария Шарапова (Ресей) — 5335
7 (7). Ангелика Кербер (Германия) — 4550
8 (8). Эжени Бушар (Канада) — 4368
9 (11). Ана Иванович (Сербия) — 4065
10 (9). Елена Янкович (Сербия) — 3695

46 (52). Зарина Диас (Қазақстан) — 1087
50 (51). Ярослава Шведова (Қазақстан) — 1017
118 (120). Галина Воскобоева (Қазақстан) — 483
129 (132). Юлия Путинцева (Қазақстан) — 438
177 (174). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) — 325.  

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:wtatour.ru

О. Сансызбай
Logotype Massaget