Геннадий Головкиннің заңгері Джон Хорневер инсайдер Дэн Рафаэльмен әңгіме барысында қазақстандық боксшы IBF белбеуінен неге бас тартқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Геннадий бокстан кетіп жатқан жоқ. Жанкүйерлер үшін жақсы айқасты әлі де қарастырып жатыр. Фалькаомен жекпе-жекті ұйымдастырмақ болдық, алайда DAZN-ға Фалькао қызық емес. ESPN-ге де солай.
"Сол кезде GGG: "Егер біз жұдырықтаспасақ, онда ол жігіт бос белбеу үшін айқассын" деді. Фалькао жұлдызды сәтін көп күтті, ендеше титул үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндік берейік. Оған сәттілік, IBF-ке шыдамдылық танытқандары үшін алғыс", - деді заңгер.
Еске салайық, орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы қазақстандық өзге боксшы Геннадий Головкиннің IBF белбеуінен бас тартқаны жайлы ақпараттан кейін мәлімдеме жасаған болатын.
"Орта салмақта бір белбеу босады делік. Маған ол керек. Жуырда барлық титулды жинап аламын!" - деп жазыпты Жәнібек Twitter желісінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!