Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
World Tennis жасөспірімдер рейтингінің тоғызыншы ракеткасы екінші айналымда әлемдік рейтингте 33-орында тұрған аустралиялық Даниэль Йовановскимен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Заңғар Нұрланұлының жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 55 минут өткізді.
Осылайша, Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына жолдама алып, келесі кезеңде германиялық теннисші Венсан Рейсахпен кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!