Қазақстан құрамасының теннисшісі Заңғар Нұрланұлы Мельбурн қаласында (Аустралия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонмен кездесті.
Кездесу қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды: 3:6, 7:6 (7:4), 6:4.
Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисі тарихында жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің алғашқы жартылай финалисі атанды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова