Заңғар Нұрланұлы Мысырдағы жарыста сенсация жасады

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF M15 турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін осы додада ересектер арасында алғаш рет жеңіске жеткен қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 811-інші, жарыстың төртінші ракеткасы, таиландтық, 30 жастағы Вишайя Тронгчароенчайкулмен шеберлік байқасты.

Заңғар бірінші партияда айқын басымдылық танытты – 6:1. 

Екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:3. 

Осылайша, сенсация жасаған Заңғар Нұрланұлының ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады. 

Сонымен қатар Заңғардың қарындасы, 12 жастағы Райана Нұрланқызы Аустриядағы екінші санаттағы Tennis Europe турнирін сәтті өткізуде. Ол іріктеу сайыстарынан бастап, қазірдің өзінде жартылай финалға дейін жетті. 

Райана ширек финалда Аустрияның 12 жасқа дейінгілер арасында екінші ракеткасы Нора Вукотичті қапы қалдырды – 6:3, 6:1.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз