Заңғар Нұрланұлы Армения астанасы Ереванда 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J30 TSAGHADZOR GOLDS'S GYM CUP 1 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 жаcтағы Заңғар жекелей және жұптық сында тамаша өнер көрсетті.
Финалда қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасы, чехиялық Якуб Смычекті тізе бүктірді – 7:5, 6:1,
Заңғар дода барысында Аустрия жасөспірімдер құрамасы көшбасшыларының бірі Максимилиан Хейдельмайермен аса тартысты кездесу өткізді. Үш сетке созылған матчта қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды. Соңғы партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0.
З.Нұрланұлы М.Хейдельмайермен бірге жұптық сында финалда ресейліктер Максим Колобов – Родион Малмыгинді ұтты – 6:7, 6:4, 10:6.
Бұл – Заңғар Нұрланұлының халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыста жекелей сындағы екінші титулы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!