Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жұптық сында Осакадағы (Жапония) турнирдің финалында ойнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен бірге финалдағы матчын өткізді. Олар украиналық-германиялық жұп Надежда Киченок пен Анна-Лена Фридзаммен кездесті.
Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарынан 6:7(3:7), 3:6 есебімен ұтылды.
Осылайша, қазақстандық теннисші жеңіске таяқ тастам жер қалғанда сүрінді.
Қазақстандық-ресейлік жұп матч кезінде екі қос қателікке жол беріп, бірде-бір эйс жасай алмады. Ал олардың қарсыласы бір эйсті орындап, екі қос қателік жасады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз