Юлия Путинцева жұптық сында Цинциннатидегі турнирдің финалына шықты

Юлия Путинцева жұптық сында Цинциннатидегі турнирдің финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева канадалық теннисші Лейла Фернандеспен бірге Цинциннатидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Теннисшілер чехиялық-ресейлік жұп Линда Носкова мен Диана Шнайдерді 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Финалда Юлия мен Лейла америкалық Эйжа Мұхаммад пен жаңазеландиялық Эрин Рутлиффпен кездеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget