Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалдық матчы өтіп, Қазақстан мен АҚШ құрамалары кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашқы болып кортқа Юлия Путинцева шығып, әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварромен өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы матчта америкалық теннисші 7:5, 2:6, 6:7 (6:8) есебімен жеңіске жетті.
Келесі кездесуде Елена Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!