Йога жалпы ағзаны тонуста ұстауға және ойыңызды жинақтап, сезімдеріңізді түсінуге көмектеседі. Алайда йога жайлы көпшілік сенетін аңыздар көп. Солардың ішінде кең тарағандарын ұсынамыз.
1-аңыз: Йогамен айналысу үшін иілгіш болу керек.
Егер өзіңізді жеткілікті иілгіш санамағандықтан йогаға барудан қашқақтап жүрсеңіз, сізде йога жайлы қате түсінік қалыптасқан. Йоганың мақсаты — керемет созылу емес. Йогадағы физикалық тәжірибе — ішкі әлеміңізбен тепе-теңдікте болуға апаратын бір қадам. Йогада ең бастысы — жаттығудың әр сәтінде денені сезіну. Йогу жаттықтырушылары жаттығу кезінде ішкі сезімдерге көбірек мән беруді ұсынады.
2-аңыз: Йога тек әйелдерге арналған.
Йоганы үнділік философ Патанджали ойлап тапқан және онымен ұзақ уақыт бойы көбіне еркектер айналысқан. Алайда 1947 жылы Индра Деви Голливудта йогаға арналған студия ашқаннан кейін жағдай өзгерді. Содан бері және қазіргі уақтытта да йогамен көбіне әйелдер айналысады. Егер йогаға кәсіпқойлар секілді философиялық тұрғыда қарайтын болсақ, йога — адамның өз-өзін іздеуі. Сондықтан оны ерлерге немесе әйелдерге арналған деп бөлуге келмейді.
3-аңыз: Йога тек созылудан тұрады.
Йога жасап отқан адамдарға сырттай қарасаңыз, олар иілгіштікті жақсартуға арналған жаттығулар жиынтығын орындап жатқан секілді көрінетіні рас. Алайда, бірінші кезекте, йога — рухани дағды. Йога сөзінің өзі дене, сана, тыныс алу және қоршаған ортаның бірігуі дегенді білдіреді.
4-аңыз: Йоганың барлық түрлері бір-біріне ұқсайды.
Йоганың түрлері көп. Ол күшті және қарқындыдан басталып рухани және жайбарақатқа дейін болуы мүмкін. Йога көмегімен қандай нәтижеге жеткіңіз келетініне байланысты оның түрін таңдайсыз. Мысалы, егер сау әрі мықты дене қаласаңыз, хатха-йога стилін байқап көріңіз.
5-аңыз: Йога қауіпсіз.
Фитнестің қандай түрінде болмасын адам жарақат алуы әбден мүмкін. Бірақ жаттығулар техникасын сақтау арқылы өзіңізді қауіпсіздендіруге болады. Сол секілді йогада да барлық жаттығу дұрыс орындалуы керек.
6-аңыз. Йогадағы прогресс — күрделі жаттығуларды орындай алу қабілеті.
Бұл қате пікір әлеуметтік желілерден туындаған болуы мүмкін. Әлеуметтік желілерден адамдардың түрлі қиын әрі біртүрлі қалыпта отқан суреттерін көрген боларсыз. Әрине, мұндай күрделі жаттығуларда тұрған жаман ештеңе жоқ. Алайда тыныс алу мен босаңсуға арналған қарапайым жаттығулардың басымдылығы жоғары. Себебі, йога — өмірден рахат алудың бір әдісі.