Ытамбұлдағы Түркия футбол федерациясының ғимаратына белгісіз біреулер оқ жаудырды, - деп хабарлайды France-Presse сайты.
Басылым мәліметінше, шабуылшылар федерацияның басқарма отырысы кезінде көшеден ғимаратқа жеті рет оқ атқан, кейін көлікке отырып қашып кеткен.
Қайтыс болғандар мен ауыр зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Мюнхендік "Баварияның" бұрынғы ойыншысы Хамит Алтынтоп жеңіл жарақат алғаны ғана белгілі.
Түркия футбол федерациясы бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!