Каталондық "Барселонаның" вингері Ламин Ямаль Ла Лиганың 2026/27 маусымы басында гол соғуға мүмкіндік жасау көрсеткіші бойынша көш бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
WhoScored мәліметінше, Ламин Ямаль Испания чемпионатының осы маусымында гол соғуға 13 рет мүмкіндік жасаған. Бұл - Ла Лигадағы кез келген футболшыдан жоғары көрсеткіш.
Осы көрсеткіш бойынша 19 жастағы испаниялық вингер "Реалдың" бірқатар жұлдызын, соның ішінде франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе мен бразилиялық форвард Винисиус Жуниорды басып озды.
Еске салайық, бұған дейін Ламин Ямаль каталондық "Барселона" тарихында 50 және одан да көп гол соққан ең жас футболшы атанды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!