WTA финалдық кезеңінде алғаш рет ойнайтын Рыбакинаның бірінші қарсыласы белгілі болды

WTA финалдық кезеңінде алғаш рет ойнайтын Рыбакинаның бірінші қарсыласы белгілі болды
Фото: instagram.com/lenarybakina

Канкунда (Мексика) WTA финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша

"Бакалар" тобында:

Елена Рыбакина;
Арина Соболенко;
Джессика Пегула;
Мария Саккари.

"Четумаль" тобында:

Ига Швентек;
Коко Гауфф;
Онс Жабер;
Маркета Вондроушова.

WTA турнирінің ақтық кезеңі 29 қазан мен 5 қараша аралығында өтеді. Әр топтан екі үздік теннисші жартылай финалға жолдама алады.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін америкалық Джессика Пегуламен өткізеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан