World Boxing рейтингінде төрт боксшымыз көш бастап тұр

World Boxing рейтингінде төрт боксшымыз көш бастап тұр
Фото: ҚБФ

World Boxing ұйымының әлемдік рейтингі жаңарды. Жаңа тізімде Қазақстан құрамасының төрт боксшысы өз салмақ дәрежесінде бірінші орында тұр, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлемдік рейтингте көш бастап тұрған қазақстандық спортшылар:

Санжар Тәшкенбай – 50 келі;
Төрехан Сабырхан – 70 келі;
Наталья Богданова – 70 келі;
Айбек Оралбай – 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі.

Осылайша, ерлер құрамасының үш өкілі мен әйелдер құрамасының бір боксшысы әлемдік рейтингтің бірінші сатысына жайғасты.

Тағы алты боксшы үздік үштікке енді

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасының тағы алты спортшысы өз салмақ дәрежелеріндегі үздік үш боксшының қатарына кірді.

Екінші орында:

Назым Қызайбай – 48 келі;
Алуа Балқыбекова – 51 келі;
Махмұд Сабырхан – 55 келі;
Аида Әбікеева – 65 келі.

Үшінші орында:

Дина Исламбекова – 80 келіден жоғары салмақ;
Нұрбек Оралбай – 85 келі.

Жалпы, World Boxing рейтингінің үздік үштігіне Қазақстан құрамасының он боксшысы енді. Оның төртеуі бірінші, төртеуі екінші, екеуі үшінші орында тұр.

О. Сансызбай
Logotype Massaget