Халықаралық World Boxing бокс федерациясы жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық Махмұд Сабырханды 2025 жылдың ерлер арасындағы үздік боксшысы деп атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сабырханнан бөлек, үміткерлер тізіміне Өзбекстанның екі өкілі - Жавохир Умматалиев пен Фазлиддин Эркинбоев, сондай-ақ Бразилияның екі боксшысы - Луис Оливейра мен Юри Фалькао кірді.
Жеңімпаз World Boxing-тің әлеуметтік желілеріндегі үміткерлер туралы жарияланымдардың астындағы лайк саны бойынша анықталды. Ерлер санатында бәсеке өте тартысты өтті: бес финалистің төртеуі 150 мыңнан астам лайк жинады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz