Винисиус “Реалда“ қалатын болды

Бразилия құрамасының жұлдызы Винисиус Жуниор мадридтік "Реалмен" жаңа келісімшартқа отыру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа келісімшарт мерзімі 2032 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Бразилиялық шабуылшының жалақысы жарияланбады.

Айта кетейік, келісімшартқа қол қойғаннан кейін бірден бразилиялық ойыншы Instagram-дағы парақшасының сипаттамасына мадридтік клубтың аккаунтын қайта қосып, келісім туралы жазба жариялады және аватарын ауыстырды.

Енді Винисиустың профильдегі басты суретінде ол "Реалдың" кубоктары қойылған қабырғаға қарап тұр.

БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, бразилиялық футболшының "Реалмен" жаңа келісімшарт бойынша келіссөздері қиын өткен. Кеше ғана шабуылшы өз профиліндегі барлық жазбаларды өшіріп, сипаттамадан клуб туралы ақпаратты алып тастаған болатын.

Еске сала кетейік, бразилиялық ойыншы "Реалға" Бразилиядан 2018 жылы ауысып келген болатын. Содан бері ол команда сапында 375 матч өткізіп, 128 гол соқты.

Ол командамен бірге 14 трофей жеңіп алды, оның ішінде үшеуі - Испания чемпионатының алтыны және екеуі - Чемпиондар лигасының жеңісі. 2024 жылы көпшілік ол "Алтын допты" иеленеді деп болжаған еді, бірақ бұл марапат испандық Родриге бұйырып, үлкен дау тудырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!