Бразилия құрамасының жұлдызы Винисиус Жуниор мадридтік "Реалмен" жаңа келісімшартқа қол қою туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа келісімшарт мерзімі 2032 жылғы 30 маусымға дейін есептелген. Бразилиялық шабуылшының жалақысы жарияланбады.
Келісімшартқа қол қойғаннан кейін бразилиялық ойыншы бірден Instagram-дағы парақшасына мадридтік клубтың парақшасын қайта қосып, келісім туралы жазба жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
БАҚ мәліметіне сүйенсек, бразилиялық футболшының "Реалмен" жаңа келісімшарт бойынша келіссөзі қиын өткен.
Еске салайық, бразилиялық ойыншы "Реалға" Бразилиядан 2018 жылы ауысып келген болатын. Содан бері ол команда сапында 375 матч өткізіп, 128 гол соқты.
Ол командамен бірге 14 трофей жеңіп алды, оның ішінде үшеуі - Испания чемпионатының алтыны және екеуі - чемпиондар лигасындағы жеңіс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова