Бразилия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" жұлдызы Винисиус Жуниор футбол аңыздары - Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің рекордын қайталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Винисиус Жуниор 2026 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық үш матчтің үздік ойыншысы болып танылды.
Бразилиялық футболшы тарихта бұл нәтижеге қол жеткізген үшінші ойыншы атанды.
Бұған дейін мұндай көрсеткішке Лионель Месси (2014) мен Криштиану Роналду (2010) ғана ие болған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Винисиус турнирдің топтық кезеңінде үздік статистика көрсетті: 4 гол және 1 нәтижелі пас. Бұл оған отандастары - Роналдо (2002) мен Ривалдоның (1998) рекордын қайталауға мүмкіндік берді. Олар да топтық кезеңнің әр матчінде гол соққан болатын.
Айта кетейік, Бразилия құрамасы топтық кезеңде сәтті ойын көрсетіп, C тобында 7 ұпаймен бірінші орын алды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова