Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогінің финалында тағы бір қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды.
Бұған дейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы да күмісті қанағат тұтқан болатын.
Сондай-ақ, акробатикалық бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лес