Бразилияда өтетін Әлем Чемпионатының ресми әнұраны белгілі болды. "We Are One" әнін рэпер Питбуль, Дженнифер Лопес және бразилиялық әнші Клаудиа Лейте біріге шырқаған.
Арнаулы ән екі тілде жазылыпты - ағылшын тілі мен португал тілінде.
Ертеректе композицияның демо-нұсқасы шыққан болатын.
Естеріңізге сала өтсек, Бразилиядағы Әлем Чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/PXdevPWpggc","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: beiruting.com