Венгриядағы Grand Slam турниріне кімдер қатысады?

Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы халықаралық турнир басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Дүбірлі додада ел намысын 12 спортшы қорғайды. Алдын ала өтініштегі балуандар арасынан Камила Берліқаш (78 келіден жоғары), Ғалымжан Қырықбай, Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) жарысқа қатыспайтын болды.

Спортшылардың тізімі мынадай:

Ерлер арасында

  • 60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Нұрәділ Әлжан
  • 66 келіге дейін: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов
  • 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан
  • 81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов
  • 90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов
  • 100 келіге дейін: Асқар Біржанов

Әйелдер арасында

  • 48 келіге дейін: Диана Бүркеева
  • 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!