Міне "Tour of World Class Almaty" веложарысы алтыншы рет өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша осы жылы жарысқа 800-ден астам адам қатысқан.
Сыйлық қоры да артты – егер алдыңғы жылы жеңімпаздар 40 мыңнан 80 мың теңге аралығында ақша алса, биыл АТФБанк алты жеңімпазға ішінде 100 000 тенге сыйлық сомасы бар №1 мәртебелі карточкасын алуға сертификат тапсырды.
АТФБанктің басқарма төрағасы Сергей Коваленко салауатты өмір салтын ұстанушы ретінде жарысқа қатысушылар арасынан табылды.
«Біз осы жарыстың серіктесі болғанымызға қуаныштымыз, өйткені бұл тек спорт және белсенді өмір салты ғана емес, сонымен қатар ол - алдыға мақсат қоя білу, өзіңмен жұмыс істеу және жеңістерге ұмтылу. АТФБанк осындай жобаларға қолдау көрсете отырып, өзінің ерік-жігері, әрекеті және істеген ісі арқылы айналысындағыларды жақсылыққа ұмтылуға шақыратын адамдар легіне қолдау көрсетеді. Өзім де осы жарысқа қуана отырып қатыстым, бұл расында әсерлі сезім, бұл жерде тек басқа қатысушылармен ғана емес, өзіңмен өзің күреске түскендей боласың, өйткені трассада сен мүмкіндігіңді барынша жұмсайсың» - деді Сергей Коваленко.
Таңдауға ұсынылған қашықтықтар – 34 км және 57 км, сонымен қатар 12 жастан 17 жас аралығындағы балалар үшін 14 км. Санаттар сондай-ақ, дәстүрлі түрде әйелдер және ерлер арасында, велосипедтер бойынша болып бөлінді.
34 км қашықтықта шосселік велосипедпен Алексей Боловинцев екінші жыл қатарынан жеңіс мәресіне бірінші болып жетті. Бұл жеңіс АТФБанк үшін өте маңызды, себебі Алексей біздің қызметкер. Жарыс алдында Алексей ағынан жарылды: «Веложарыс сенің барлық жаттығуларыңның көрсеткіші, тек оған қатысу барысында ғана сенің нені дұрыс, нені бұрыс жасағаның түсінікті болады. Былтырғы жеңістің де жауапкершілігі бар, сондай-ақ АТФБанктің биыл серіктес болуы да маған ерекше жігер берді. Бүгін әріптестерімнің біразы жазды, жаныма келді, жанкүйер болды. Тағы да жеңімпаз атандым, өз командам мен әріптестерімнің сенімінен шыға білдім, бұл мен үшін үлкен қуаныш. Ұйымдастырушыларға жарқын көңіл-күй сыйлағандары және әртүрлі қаладан келген достарыммен қауышу мүмкіндігі үшін рақмет айтамын».
Жеңімпаздар медальдар, мақтау қағаздарын және серіктестерден сыйлықтарды иеленді. АТФБанктің №1 символдық атауымен сыйлық картасын 57 км қашықтықтан бірінші келген Н.Федотовских, А.Дядичкин, Р.Алмагамбетов, Е.Шатная, Н.Керимбаева, Ю.Фернас иеленді. Маңызды веложарыстар дәстүріне сай олар сары майкалар алып, жеңіс тұғырында бір-біріне шампан атқылатты.
Серіктес материалы