Елена Рыбакина Уимблдон-2022 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz FTC баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сейсенбі, 12 шілдеде еліміздің бірінші ракеткасы, "Уимблдон-2022" турнирінің чемпионы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келеді. Спортшының елге келгендегі күн тәртібі толық. Бірінші журналистермен баспасөз мәслихаты өтеді, жас спортшылармен және жанкүйерлерімен кездеседі", - делінген хабарламада.
"Құрметті қазақстандықтар! Мен үйге қайтамын. "Уимблдонда" қатты қолдау көрсеттіңіздер. Жылы лебіздеріңізге рақмет. Маған деген ыстық ықыластарыңызды сездім. Бәріміз бірге тарихта қалдық және бұл өте керемет сезім! Дәл осы жеңіс, дәл осы тарихи сәт менің өмірімде болып жатқанына әлі де сене алар емеспін", - деді Елена Рыбакина.