13-18 қаңтар аралығында Дохада (Қатар) үстел теннисінен WTT Star Contender Doha турнирі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарысқа әлемнің мықты спортшылары қатысады. Олардың қатарында Лин Шидун (Қытай, әлемдік рейтингте №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Томокази Харимото (Жапония, №5), Лян Цзинкунь (Қытай, №7), Лин Юн-Чжу (Тайбэй, №9), Куай Мэн (Қытай, №3), Чжу Юлин (Макао, №7), Че И (Қытай, №8), Шин Юбин (Оңтүстік Корея, №12) бар.
Қазақстан атынан Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді. Жеребе қорытындысы бойынша олардың қарсыластары анықталды.
Жекелей сын
- Ескендір Харки - Али Альхадрави (Сауд Арабиясы).
- Сарвиноз Миркадирова - Марьям Али (Қатар).
Әйелдер арасындағы жұптық сын
- Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) - Маника Батра / Дия Читале (Үндістан).
Аралас жұптық сын
- Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай).
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова