Бахрейннің Манама қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды:
- U11 жас санатында қыздар арасындағы жекелей сында Адель Вебер күміс жүлдеге ие болды.
- U19 жас санатындағы аралас жұптық сайыста Қадырғали Қабдылуахитов пен Нұрислам Қасым қола жүлде алды.
Қадырғали Қабдылуахитов жарыста У Ин Сюаньмен (қытайлық Тайбэй) бірге өнер көрсетсе, Нұрислам Қасым Пэе Ю-Ханмен (қытайлық Тайбэй) бірге ойнады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова