Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшылары Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп жатыр

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен келген спортшылар, соның ішінде ұлттық құраманың көшбасшылары қатысып жатыр.

Қазақстан чемпионатында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева, Ескендір Харки, Альбина Жақсылықова, Ангелина Романовская және басқа да спортшылар өнер көрсетеді.

Жарыс барысында командалық, жеке, жұптық және аралас жұптар санаттарында медальдар сарапқа салынады.

Айта кетейік, турнир 22 наурызда аяқталады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!