11-15 қазан аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарысқа Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қатар, Қытай, Корея, КХДР, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Сингапур, Таиланд, Тайбэй, Өзбекстан, Шри-Ланка және Жапония құрамалары қатысады.
Қазақстан құрамасы сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева және Альбина Жақсылықова өнер көрсетеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова