Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстан 1/8 финалға шығу үшін бақ сынайды

Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстан 1/8 финалға шығу үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК

Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ерлер құрамасы өз тобында үш кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты.

Ал әйелдер құрамасы топтық кезеңде екінші орын алды. Кейін өтпелі кезеңдегі матчта Бельгияны 3:0 есебімен жеңіп, үздік 32 команданың қатарына енді.

Айта кетейік, 4 мамырда әлем чемпионатының 1/8 финалының жолдамасы сарапқа салынатын матчтар өтеді. Қазақстан ерлер құрамасы Испаниямен кездессе, әйелдер құрамасы Швецияға қарсы ойнайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget