Үстел теннисі: Қазақстан Лондондағы әлем чемпионатында тағы екі мәрте жеңіске жетті

Үстел теннисі: Қазақстан Лондондағы әлем чемпионатында тағы екі мәрте жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Турнир аясында қазақстандық командалар топтық кезеңде екі жеңіске қол жеткізді.

Әйелдер

  • Қазақстан - Моңғолия 3:0

Ерлер

  • Қазақстан - Мысыр 3:2

30 сәуірде Қазақстан ерлер құрамасы Таиланд командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады. Ал әйелдер құрамасы Чехиямен ойнайды. Кездесу 21:00-де басталады.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстан ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға есе жіберген болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget