Усик - Джошуа жекпе-жегінің өтетін орны мен уақыты белгіленді

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ауыр салмақта WBA Super, IBF және WBO чемпионы Александр Усик (19-0, 13 KO) және Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) арасындағы қарымта жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 20 тамыз Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) өтеді.

Боксшылар арасындағы бірінші айқас 2021 жылы Уэмбли (Лондон, Англия) стадионында өткен еді. Ол кезде Усик төрілер шешімімен жеңген.