Үшінші алтын! Наталья Богданова - Азия чемпионы!

Бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші боксшымыз чемпион атанды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.    

70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова топ жарды. Ол финалда тай боксшысы Байсон Маниконға мықтылығын мойындатты. 

Наталья 2022 жылы Азия чемпионатында қола алған. 

Қазақстан құрамасында қазір 3 алтын, 6 қола медаль бар. Алда тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Бұған дейін Виктория Графеева мен Аида Әбікеева чемпион болды.