Қазақстандық мергендер Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды. "Скит" жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды.
Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы қоржынына түскен үшінші алтын медаль. Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.
Ал жаңа ғана 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысананы дәл көздеуде Зухра Ирназарова үздік шықты.
Біздің мергендер тағы да керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және, әрине, команданың жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтаймын. Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс мыңдаған қазақстандық жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 11 қола медаль бар. Ал жалпыкомандалық есепте үздік ондыққа енді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ