Үш садақшы Түркияда өтіп жатқан жарыстың үшінші айналымына жолдама алды

Анталия қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Халықаралық турнир аясында блок садақ атудан жарыстың бастапқы кезеңдері өтті.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасының үш өкілі үшінші айналымға шықты. 1/16 финалда Мұса Ділмұхамет, Виктория Лян және Диана Юнусова сынға түседі.

Мұса Ділмұхамет 1/16 финалда нидерландтық Майк Схлуссерпен кездеседі. Виктория Лянның қарсыласы Катарина Рааб болса, Диана Юнусова 1/8 финалға шығу үшін Элла Гибсонмен бақ сынайды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!