Анталия қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Халықаралық турнир аясында блок садақ атудан жарыстың бастапқы кезеңдері өтті.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасының үш өкілі үшінші айналымға шықты. 1/16 финалда Мұса Ділмұхамет, Виктория Лян және Диана Юнусова сынға түседі.
Мұса Ділмұхамет 1/16 финалда нидерландтық Майк Схлуссерпен кездеседі. Виктория Лянның қарсыласы Катарина Рааб болса, Диана Юнусова 1/8 финалға шығу үшін Элла Гибсонмен бақ сынайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова