Үш қазақстандық WTT Contender турнирінің іріктеуінен өтті

Алматыда үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қатысушылар жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ал Қазақстан құрамасынан үшінші кезеңге тек Абдулла Мамай (Алматы), Владислав Захаров (Қарағанды) және Ескендір Харки (Жамбыл облысы) шықты.

Отандастарымыз енді негізгі жарыс кестесіне шығу үшін күреседі. Қазақстандықтардың қарсыластары:

  • Абдулла Мамай - Флориан Буррассо (Франция)
  • Владислав Захаров - Юань Лицен (Қытай)
  • Ескендір Харки - Лев Кацман (Ресей)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!