- Негізгі бет
- Спорт
- Үш хоккейші 2023...
Үш хоккейші 2023 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан азаматтығынан бас тартты
Хоккейшілер Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Маклюков Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Енді олар ұлттық құрамада ойнамайды. Бұл туралы Shaiba.kz жазды.
Бұған дейін Петуховтың "Барыстан" кететіні хабарланған болатын. Маклюков кейінгі екі маусымда Магнитогорскінің "Металлургінде" өнер көрсетіп, оған дейін төрт жыл бойы "Барыстың" намысын қорғаған болатын. Сагадеев өз кезегінде мансабын Сочиде жалғастырмақ.
Қазақ азаматтығын алған үшеуі де Ресей азаматтығына бас тартпаған. Енді олар Қазақстан құрамасында ойнамауды ұйғарған.
Андрей Скабелка ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босатылып, орнына Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды.
Еске салайық, қазақстандықтар 2023 жылы 12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қалаларында өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Топтық кезеңде олар Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Словения, Норвегия және Швейцария құрамаларымен кездеседі.
Т. Раушанұлы