ҰОК президенттігіне Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды

ҰОК президенттігіне Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды
Фото: Tengrinews.kz

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды. Тиісті құжат Tengri Sport редакциясына түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжаттан 14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі болды. Шара барысында, атап айтқанда, президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

"Федерациялар ҰОК президенттігіне Геннадий Геннадьевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды", - делінген комитеттің ҰОК бас ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан