- Негізгі бет
- Спорт
- Универсиада: Қазақстан құрамасы...
Универсиада: Қазақстан құрамасы 10-орынға көтерілді
Фото:
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасы Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиадада медаль саны жөнінен 10-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін таеквондошы Рита Бәкішева (46 келі салмақта) Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған еді. Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Хуан Ин-Сюаньды ұтты.
Сонымен бірге Универсиадада Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы күміс, қола медаль жеңіп алды.
Күміс медаль
- Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин (нысана көздеуден ұлттық құрама);
- Никита Чирюкин (тапанша, 25 м);
- Елжана Тәниева (көркем гимнастика, доп);
- Диана Тұрсынбек (садақ ату);
- Елжана Тәниева (көркем гимнастика, лента).
Қола медаль
- Сұңғат Жұбатқан (дзюдо, 66 келі);
- Асқар Нарқұлов (дзюдо, 73 келі);
- Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин (нысана көздеуден ұлттық құрама);
- Елжана Тәниева (көркем гимнастика, шығыршық);
- Бекарыс Сәдуақас (дзюдо, 100 келі).
Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Ел спортшылары 1 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан