Шорт-трек бойынша Қазақстан құрамасы Лейк-Плэсидтегі Универсиада-2023-те күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық команда (Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамуханов) аралас эстафетаны 2:47.757 есебімен аяқтады.
Аралас эстафета бойынша қорытынды мынадай:
1. Франция - 2:50.946
2. Қазақстан - 2:47.757
3. Жапония - 2:48.561.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!