Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстан құрамасы Лейк-Плэсидефтегі Универсиада-2023 командалық жарысында күміс жеңіп алды, - деп хабарлайды TengriSport.
Құрамында Данил Васильев пен Сергей Ткаченко өнер көрсеткен қазақстандық команда екі раунд қорытындысы бойынша 470.3 ұпай жинаған.
Құрамында Святослав Назаренко мен Никита Девяткин бар Қазақстанның екінші командасы 381.7 ұпай жинап, сегіз қатысушының ішінен жетінші орын иеленді.
Осылайша, ел қоржынында үш алтын, бір күміс және екі қола бар.
Айта кетейік, Универсиада 22 қаңтарға дейін жалғасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!