Биылғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орда сайтына сілтеме жасап.
Биатлонда Қазақстан атынан 15 шақырымға жеке жарыста төрт спортшы қатысты: Александр Мухин, Вадим Куралес, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбеков.
Бірінші болып Вадим Куралес өтті. Оның нәтижесі - 42 минут 37,4 секунд және ату кезінде бір ғана сырғанау. Осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.
Тұғырдың екінші сатысын норвегиялық Эрян Мосенг иеленді, ол қазақстандықтан 42,6 секундқа артта қалды. Үшінші орын - Куралестен 1 минут 16,5 секундқа артта қалған француз Аксель Гарниер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!