- Негізгі бет
- Спорт
- "Үмітті ақтай алмадық"....
"Үмітті ақтай алмадық". Жапон бапкері бас иіп кешірім сұрады
Футболдан Жапонияның ұлттық құрамасының бас бапкері Хадзимэ Мориясу жанкүйерлерінен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеше, 5 желтоқсанда 1/8 финал аясында Жапония мен Хорватия құрамалары кездескен болатын. Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 43-минутта Дайзен Маэда жапондарды алға шығарды. Ал екінші таймда Иван Перишич баспен дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді.
Бірақ матч соңына дейін командалар есепті өзгерте алмады. Экстра-таймдарда да жеңімпаз анықталмады. Сондықтан футболшылар матчтен кейінгі пенальти сериясына көшті. Ал мұнда хорват футболшыларының жолы болды - 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Хорватия құрамасы ширек финалға жолдама алған еді.
Жапонияның ұлттық құрамасының бас бапкері Хадзимэ Мориясу стадионда көңіл күйі түскен жанкүйерлердің алдына барып, басын иіп кешірім сұраған.
Бапкер "үмітті ақтай алмадық, алда бұдан да жақсы ойнаймыз" деп уәде берген екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина