Ұлыбританияның хабар тарататын (British Broadcasting Company) компаниясы Н тобына түскен Қазақстан құрамасы жайлы ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл топта қазақстандықтардан бөлек, Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино командалары бар.
"ФИФА рейтингінде: 113 орын. Бас бапкер: Магомед Адиев. Капитан: Асхат Тағыберген. Қауіпті ойыншы: Бахтиер Зайнутдинов.
Н тобында Қазақстан жұмбақ команда болып саналады.
Ойыншыларының көбі ішкі чемпионаттарында доп тебеді. Алайда 24 жастағы ЦСКА жартылай қорғаушысы қауіпті. Құрама сапында өткізген 24 матчта 10 гол соққан.
Қазақстан командасы Еуропада рейтингі ең төмен ұжым болғанымен, Ұлттар Лигасының В дивизионына (4 жеңіс) жолдама алды. Сондықтан бұл қарсыластан қауіптену керек.
Солтүстік Ирландия Қазақстан футболшыларымен ешқашан кездеспеген. Бұл екі құрама арасындағы алғашқы кездесу болмақ", - делінген басылым ұсынған жазбада.
Еске салайық, Магомед Адиев баптайтын "қаршығалар" Еуро-2024 іріктеу турнирін 2023 жылдың 23 наурызында өз алаңында Словенияға қарсы кездесумен бастайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!