Ұлттық құрамада болған Қазақстан чемпионы қаза тапты

Ұлттық құрамада болған Қазақстан чемпионы қаза тапты
Фото: instagram.com/azamat_kz_17/

Грек-рим күресінен сурдо спортшылар арасындағы Қазақстанның бұрынғы чемпионы Әділ Тілектес Шымкенттегі зауыттардың бірінде қаза тапты. Ол 2024 жылға дейін ұлттық құрама сапында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшының қазасы туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Шымкент Полиция департаменті қайғылы оқиға зауыттардың бірінде болғанын растады.

"Қала аумағындағы кәсіпорындардың біріндегі жұмысшының қазасына байланысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша ер адамды тоқ соққан", - деп мәлімдеді Шымкент ПД өкілі.

Сурдлимпиада комитетінің баспасөз қызметі 28 жастағы Әділ Тілектес грек-рим күресінен ел чемпионы болғанын, ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, әлем чемпионатының жүлдесіне бір қадам қалғанын мәлімдеді.

"Әділ Тілектес 2021 жылдан бастап есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында грек-рим күресінен және еркін күрестен Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі болған. Еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағы бар", - деп жазылған хабарламада.

Дегенмен кейінгі екі жылда ол ұлттық құрама сапына өте алмаған. Соңғы өткен Спартакиадада да жүлдесіз қалған.

Марқұм спортшының артында екі баласы қалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Исабек (@azamat_kz_17)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget