Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Қазақстан құрамасы қоржынына үшінші алтын медальды салды. Ол финалда өзбек боксшысы Саиджамшид Джафаровты жеңді.
71 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте 29 жастағы қазақ боксшысы қарсыласынан басым болды. Шабуылда ширақ, қорғаныста мығым жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан Асланбекті жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан әлем чемпионы атанған болатын. Дулат Бекбауов күміс жүлдені қанағат тұтты.