УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалына жолдама алған жеті құрама анықталды. Соңғы жолдаманы Дания мен Норвегия өзара сарапқа салады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Кеше Германия құрамасы Нидерландыны 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Нәтижесінде Германия өз тобында бірінші, ал Нидерланды екінші орын алып, екі команда да ширек финалға шықты.
Қазір келесі кезеңге өткен құрамалардың тізімі мынадай:
Ширек финалдың соңғы қатысушысы Дания мен Норвегия арасындағы кездесуде анықталады. Матч 18 қарашаға қараған түні өтеді.
Ширек финалдың жеребесі 20 қарашада тартылады. Топ жеңімпаздары екінші орын алған құрамалармен кездеседі. Бұл ретте бір топта ойнаған командалар ширек финалда бір-біріне қарсы түсе алмайды.
Ширек финалдың алғашқы матчтары 25–27 наурызда, ал қарымта кездесулері 28–30 наурызда өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!