Ұлттар Лигасы: Қазақстан "С" дивизионындағы орнын сақтап қалды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының "С" дивизионындағы орнында қалады. Отандастарымыз Нұр-Сұлтанда Молдова құрамасын ойын соңындағы пенальти сериясында ұтып шықты.

Ойынның негізгі уақытында Молдова құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. 13-минутта Игорь Армаш ерекше голымен есепте командасын алға шығарды.

Екінші таймда ұлттық құраманың жаңа бас жаттықтырушысы Андрей Карпович команда құрамына өзгерістер енгізді. Тың ойыншылар шығарып, жаңа серпін қосты. Нәтижесінде гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Абат Айымбетов пен Нұрәлі Әліптің бағыттаған добын қақпашы Дориан Райлян қайтара білді.

Қосымша уақытта командалар гол соға алған жоқ. Қос ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Отандастарымыз 5:4 есебімен басым болып, "С" дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, Кишиневте өткен бірінші ойында Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Қазақстан — Молдова 0:1 (0:1), қосымша уақыт. 0:1, пен. 5:4

Гол: Арман 13 (0:1)

Пенальти: Каймаков — 0:1, Әбікен — 1:1, Армаш — 1:2, Бейсебеков — 1:2 (қақпашы, Мандрыченко — 1:3, Досмағамбетов — 2:3, Крачун — 2:4, Зайнутдинов — 3:4, Николаеску — 3:4 (қақпашы), Жақсылықов — 4:4, Ревенко — 4:4 (қиыс), Жуков — 5:4 

Бірінші матч: 2:1.